«Мәскеу жұлдыздары» халықаралық турнирі Мәскеу қаласында өтті. Маңғыстау облыстық көркем гимнастика федерациясы мен «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен аттанған 8 гимнасшының барлығы жүлделі қайтты. Олар 2 алтын, 3 күміс, 4 қола қанжығалады. Бұл туралы Бибігүл Ерназарова хабарлады.
2,3 наурыз күндері өткен турнирде «Жас батыр» спорт мектебінің спортшылары Аққуым Манарбекқызы мен Софиянұр Зинуллаева алтын, Гүлнұр Амангелді, Саида Дәуренқызы, Аружан Қуанбаева күміс медаль еншіледі. Ал Дария Жекен, Қарлығаш Кәрімхан, Аяулым Орынбаева қола жүлдеге ие болды.
Оларды сайысқа баптаған жаттықтырушылар – Бибігүл Ерназарова мен Гүлжадыра Перниязова.
Суреттерді Бибігүл Ерназарова ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="73961,73962"]