Басқұдық ауылында 2002-2004 жылдары туған ұлдар арасында еркін күрестен Маңғыстау чемпионаты өтті. Оған Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан, Қарақия, Маңғыстау ауданынан, Басқұдық ауылынан 100-ге жуық спортшы қатысты.
Жарыс Маңғыстау облысы спорт жəне дене шынықтыру басқармасы ұйымдастыруымен облыстық күрес бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде өтті.
Әр салмақ дәрежесінде төмендегі палуандар жеңімпаз атанды:
45 кг Бирмағанбетов Бакытжан (Басқұдық)
48 кг Аяпов Сұңғат (Ақтау)
51 кг Алиев Майс ( Ақтау)
55 кг Базарбаев Нұрлыбек (Ақтау)
60 кг Амирханов Эмиль (Ақтау)
65 кг Файзулла Путин (Басқұлық)
71 кг Жұмабай Жанибек (Жаңаөзен)
80 кг Гюлбаллаев Рустам (Ақтау)
92 кг Дядов Сергей (Ақтау)
110 кг Алимов Бахытжан ( Басқұдық)
«Жеңімпаздар Талдықорған қаласында 17-20 наурыз күндері өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады. Жалпы алғанда, біздің спортшыларымыз облыстық турнирде жақсы күрес деңгейін көрсетті. Ендігі мақсатымыз ҚР Чемпионатынан медальдар алып келу», - дейді мектеп басшысының орынбасары Теміржан Бейсенбаев.