©
Мұнайлы аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер Т-дан неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды. Тараптар заңды некеде мінезі жараспағандықтан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсеткен. Алайда алдын-ала сот отырысында ерлі-зайыпты жанжалды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша өтініш түсірген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Маңғыстау облыстық сотының мәлімдеуінше, сот ұйғарымымен талап қоюшы Ж мен Т екеуінің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиация тәртібімен реттелген келісімі бекітілген. Аталған азаматтық іс бойынша тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуін сот бекітуіне байланысты іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар бюджетке төленген мемлекеттік баж талап қоюшы Ж.-ға қайтарылған. Әзірге сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет сайт архивінен