Ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке және ирландық UFC шебері Конор Макгрегорге жекпе-жектен кейін жаппай төбелеске қатысқандары үшін жазалау шаралары енгізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Невада штатының спорт комиссиясы (NSAC) Нурмагомедовты тоғыз айға спорттан шеттетті. Сондай-ақ ол 500 мың доллар көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Хабиб буллингке қарсы (оқу орындарындағы жәбірлеу, қудалау) әлеуметтік іс-шараларға қатысатын болса, оның шеттетілу мерзімі алты айға дейін қысқаруы мүмкін.
Макгрегор де тоғыз ай жекпе-жектерге қатыса алмайды және оған 50 мың доллар көлемінде айыппұл салынды.
Спорттан шеттетілу мерзімі айқас өткен күннен - 6 қазаннан бастап есептеледі.
Еске салайық, Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да Нурмагомедов төртінші раундта Макгрегорды қылқындыру әдісімен жеңген еді. Кездесуден кейін дағыстандық спортшы Нурмагомедов Конор Макгрегордың достарына тап берген болатын.