Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов 17 шағынаудандағы құрылыс қызу жүріп жатқан алаңдарды аралап, жұмыстарымен танысты. Ақтау қаласы әкімдігі өкілдері, баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдерімен бірнеше нүктеге барып, құрылыс деңгейін бақылап, мәселелерін тыңдап қайтты.
Жұмыс сапары 17 шағынаудандағы «Sulpak» техника дүкені мен «Дукат» тұрғын үй кешені жанынан басталды. Бұл екі нүктеге ортақ мәселе – кірме жол салатын жердің тарлығы.
«Екі ғимараттың да маңында кірме жолдың мәселесі туындап отыр. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, екеуінің де жанындағы аулаларды бұзамыз. Оның орнына иелеріне басқа учаскеден жер беріледі. Құрылыс жұмыстары тоқтамайды. «Sulpak» пен «Дана» супермаркеті арасына кірме жол салынады. Қазір ол жер тар болғандықтан «Sulpak» дүкенінің ауласын 4 метрге қысқартамыз», - дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қойшығұлов Маңғыстау.
«Дукат» тұрғын үйінің жанынан 8 метрлік кірме жол салу үшін бұл жердегі аула да 3-4 метрге қысқартылмақ.
«Біз өз учаскеміздің бір бөлігін қайтарамыз, орнына басқа жақтан жер беріледі. Ол берілген жерге футбол алаңын салмақпыз. Қала әкімі жаңа ғана келісіп, футбол алаңы болатынына уәде берді», - дейді «Aktau Real Home» ЖШС басшысы Асылбек Нұржанов.
https://www.youtube.com/watch?v=3LS_N1HfBog&feature=youtu.beБұдан соң бағыт «Айрақты» тұрғын үй кешеніне бұрылды. Мұндағы мәселе де шешімін тауып, балабақша жаны автотұрақпен қамтылатын болды.
«Айрақты» тұрғын үй кешенінің астыңғы бөлігіне балабақша орналастырылды. Бірақ бұл үйдің жобасын жасаған кезде балабақша жанына автотұрақ есепке алынбаған. Оны қаланың есебінен салып береміз. Сонымен қатар 17 мен 18,18а шағындаудандары арасында автожол құрылысы жүріп жатыр. Бұл салынып жатқан жолдан шағынауданішілік жолдар 2-3 метр биік, осыған байланысты мәселе туындаған. Ол да шешімін тапты», - деді М. Қойшығұлов.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="70509,70508,70507,70505,70510,70504"]