©
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Маңғыстауда электр қуатының жаңа тарифтері енгізілді. 2018 жылдың тарифімен салыстырғанда төмендеу 3%-ды құрады. Бұдан басқа сараланған тарифті пайдалану кезінде төмендеу 9%-дан астам құрауы мүмкін. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес электр қуатын ең соңғы тұтынушыға дейін жеткізу үш негізгі тізбек арқылы іске асырылады: электр қуатын өндіретін кәсіпорын, электр қуатын өзінің электр желілері бойынша тасымалдайтын кәсіпорын және электр қуатын сатып өткізетін ұйым. 2018 жылы электр қуатымен жабдықтау жөнінде қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызметін тәртіпке келтіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Осылайша «АЭЖБ» МКК бойынша тариф 1 кВт-сағ үшін ҚҚС-ын қоса алғанда 3,5 теңгеден 2,80 теңгеге, ал «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бойынша 1 кВт-сағ үшін ҚҚС-ын қоса алғанда 14,69 теңгеден 13,03 теңгеге төмендетілді. Бүгінгі күні Ақтау қаласы бойынша электр қуатының тарифі ҚҚС-ын қоспағанда 15,73 теңге/кВт.сағ немесе ҚҚС-ын қосқандағы 17,62 теңге/кВт.сағ құрайды. «Тарифтің 1,79 теңге/кВт.сағ – 1,12 теңгесі тікелей «KEGOC» АҚ-ға кетеді, одан әрі бұл ақша құрал-жабдықтарды жаңғырту және қуатты одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар өткізу үшін «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ға қайтарылады. Бұл жүйе осы нысаналы ақша қаражатын пайдаланудың ашықтығына және бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қарапайым тілмен айтқанда, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ақшаны басқа мақсаттарға жұмсай алмайды. Осы кәсіпорын қуатының жоғары дәрежелі тозуы жағдайында бұл өте өзекті мәселе болып табылады. Қалған 0,67 теңге/кВт.сағ., осы мекемеде 200-ден астам қызметкерлер жұмыс істейді, оның 90%-дан астамы есептеу құралдарынан көрсеткіштерді алатын, электр қуатын ұрлауды анықтайтын бақылаушы, сонымен қатар кассирлер мен электриктерден тұратын қызметкерлерді ұстауға арналған «AllianceEnergoSnab-Ақтау» ЖШС нақты шығындары. Мұндай жұмысты және әрбір үйді тексеріп айналып шығуды ұйымдастыру қаланың энергетикалық жүйесіне байланысты көптеген мәселелерді шешеді. Мысалы, ағымдағы жылдың тек қана қаңтар айының ішінде тұрғындар өздері төлейтін ЖҮҚ шығындарының артуына әсер ететін 60-тан астам тұтынушылардың көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері арқылы заңсыз қосылуы анықталды және жойылды», – деді энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ж.Салимов. Бұдан басқа, сараланған төлемдер жүйесі енгізілетін болады. Бұл электр қуатын үнемді пайдаланғысы келетін тұрғындар үшін ыңғайлы. Бұл үшін «AllianceEnergoSnab-Ақтау» ЖШС-ға пәтерде тіркелген адамдар туралы құжат беру қажет. Қазіргі уақытта тарифтің 3 деңгейі белгіленді. Бірінші деңгейдегі тариф бойынша бір адамға шаққанда 70 кВт/сағатқа дейінгі электр қуатын пайдаланған жағдайда 17,62 теңге/кВт.сағ орнына 16,58 теңге/кВт.сағ бағасымен төлеуге мүмкіндік беріледі. Егер тұтыну 70 кВт/сағаттан асып кеткен жағдайда, онда тұтынудың нақты асып кеткен көлемінен тарифтің екінші деңгейдегі ҚҚС қосқанда 21,14 теңге/кВт.сағ құрайтын көлемі бойынша төлемдер жүргізіледі. Егер электр қуатын тұтыну бір адамға 150 кВт.сағаттан асатын болса, онда төлемдер үшінші деңгейдегі ҚҚС қосылған 26,43 теңге/кВт.сағ есебінен төлейді. Егер тұтынушы сараланған тарифпен төлегісі келмеген жағдайда, онда төлемдер 17,62 теңге/кВт.сағ базалық тариф бойынша жүргізіледі. Анықтама үшін: Тарифтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «AllianceEnergoSnab-Ақтау» ЖШС өзінің бастамасымен 2018 жылдың соңында энергетика және ТКШ басқармасын, табиғи монополияны реттеу жөніндегі комитеттің жергілікті департаментін нақты есептерімен бірге электр қуатының тарифтері туралы хабардар етті. Бұл тариф мемлекеттік органдар тарапынан бекітуге жатпайды. Бірақ бұл ретте, жоғарыда аталған екі мемлекеттік органмен есептердің негізделуі алдын-ала тексерілді және ешқандай наразылық болған жоқ. Сонымен қатар монополияға қарсы ведомствомен барлық құқық беретін құжаттар тексерілді және заң бұзушылықтар анықталмады. Осы нарықта 1-2 айдан астам қызмет істегеннен кейін монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін сақтауға қатысты сметалық калькуляцияны қайта қарайтын болады. Сөз соңында қаңтар айында тұтынған электр қуатының жаңа тарифтермен есептелген шоттарын тұрғындар ақпан айының басында алатындығын атап өтеміз.