©
Қаңтардың 21-29 аралығында Маңғыстау облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері дабыл бойынша – 15 рет шыққан. Апта ішінде төтеншеліктер 2 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, 7 өртті ауыздықтаған. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады. 21 қаңтарда Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында көлемі 12 ш/м. монша өртенген. 22 қаңтарда Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ» ш/а, үй алдында тұрған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігі толықтай жанып кеткен. Ал қаңтардың 23-де «Ақтау халықаралық әуежайы» аумағында орналасқан пайдаланудан шыққан бос ангарды да жалын шарпыған. Жалпы 1766 ш/м жер отқа оранған. 24 қаңтар күні Ақтау қаласы, 32Б ш/а 8 үйде (2-қабат) дәлізде тұрған үй заттары жанған. 2-ші қабаттың дәлізі толықтай ысталған. Жану көлемі 5 ш/м. 18-ересек, 22-бала, барлығы 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Түтіннен уланған әйел адам токсикология бөліміне жатқызылды. Қаңтардың 26-да Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосында үй ауласында тұрған «NEXIA» маркалы автокөлігі өртенген. Осы күні Жаңаөзен қаласы Теңге ауылында 5 бөлмелі үйдің жатын бөлмесі де жалынға оранған. Ал кешкі 9-да Ақтау қаласындағы «MARMARIS» кафесінің ас бөлмесінің төбесінен өрт шыққан. Жану көлемі 30 ш/м., ал кафенің жалпы көлемі 100 ш/м. Қалған бөлмелері жартылай ысталған. Аталған өрт оқиғалардың барлығының себебі мен залалдарын кезекші тергеушілер анықтап жатыр. Еске сала кетейік, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт сөндіру сұрақтары бойынша 43-55-06 сенім телефонына хабарласуға болады.