Ақтауда 31 «б» шағынауданның 12 үйі мен Kicom жанаржағармай бекеті арасында кіре беріс жол салынып жатыр. Жаңа кіреберіс жол 18-ші автожолға қарай шығады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қала тұрғындарының сұрауы бойынша жолды «Қала жолдары» ЖШС қызметкерлері салып жатыр. Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің айтуынша, бұл мәселе жиналыста қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қатысқан талқыланған. Сондай-ақ жиналыста жергілікті полиция қызметі де болды.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет Ақтау қалалық әкімдігінен алынды