©
11-18 қаңтар аралығында облыс аумағында «Наркопроступок» - «Есірткі заңсыз әрекеттер» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіліп жатыр. Мақсаты – есірткі затын сақтау және қолдану деректерін анықтау.
Осыған орай, Маңғыстау облыстық ПД ЕБҚКБ-ның арнайы бөліністер қызметкерлерінің жасаған күшейтілген жұмыстары нәтижесінде Ақтау қаласы мен облыс аумағында 18 есірткіге байланысты құқық бұзушылықты анықталды. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына Полиция департаментінің баспасөз қызметі жабарлады.
Оның ішінде есірткі сату бойынша 1 дерек, есірткі притонды ұйымдастыру және ұстау (есірткіні қабылдау үшін) бойынша 1 дерек және есірткі құралын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бойынша 1 дерек тіркелген.
Заңсыз айналымнан 1 келіден аса мөлшерде есірткі құралдары тәркіленген, оның көбі «марихуана».