©
Маңғыстау облысы Түркістан қаласына амфитеатр салып береді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Түркістанға арнайы іссапары кезінде айтылды. Атап өтерлігі Қазақстанның 15 облыс-қала әкімдігі Түркістанға түрлі нысан салып бермек, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Асқар Мамин сапар барысында қаладағы құрылыспен танысып, Түркістан облысының орталығын дамыту бойынша жиынға қатысты. Оған Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев және өзге облыс басшыларының орынбасарлары, ұлттық компания өкілдері мен инсвесторлар қатысты. "Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталықта 672 гектар жерден 513 гектар жер мемлекеттік меншікке алынды. Олардың ішінде жалпы аумағы 48,4 гектар болатын бірінші кезекте салуынуы тиіс 13 нысан үшін жер телімі толығымен босатылып, 7 нысанның құрылысы басталды. Ал 88 бес қабатты тұрғын үйлдің құрылысы бойынша (2724 пәтер, 200 мың шаршы метр) дайындық жұмыстары аяқталды. Тұрғын үй құрылысы «Түркістан ӘКК» қатысуымен жеке салушылар есебінен жүзеге асырылады", - деп атап өтті Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев. Сонымен қатар "Самұрық қазына" ҰӘҚ" АҚ тапсырысымен Қожа Ахмет Ясауи мұражай нысанының құрылысы басталған. Басқосуда әр облыс пен қала басшылығының өкілдері өздеріне тапсырылған нысандардың құрылысы жөнінде хабардар етті. Айта кетелік, Алматы облысының әкімдігі «Жастар сарайы» ғимаратының құрылысын бастаса, Ақтөбе облысы - «Әзірет Сұлтан» қорығында мәдени-демалыс нысандарын салмақ. Атырау облысы - ашық аспан астындағы мәдени-тарихи мұражайды, Шығыс Қазақстан облысы - әуенді субұрқақ салуды көздеп отыр. Солтүстік Қазақстан облысы - олимпиадалық резервті дайындайтын облыстық спорт мектебін, Жамбыл облысы - «Әзірет Сұлтан» қорығына мәдени-тарихи визит орталығын тұрғызбақ. Батыс Қазақстан облысы - Тарихи-киелі орындар орталығының құрылысын жүргізеді. Сонымен қатар Қостанай облысы - Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ғимаратын, Қызылорда облысы - шығыс моншасын, Маңғыстау облысы – амфитеатрдың құрылысын бастайды. [caption id="attachment_70348" align="aligncenter" width="1200"] Маңғыстау облысы салып беретін амфитеатрдың эскизі[/caption] Республикалық маңыздағы үш қала да тыс қалмайды. Қазір Астана қаласының тапсырысы бойынша 2019 жылдың наурызында «Астана» алаңының құрылысы басталады. Алаң 2020 жылдың желтоқсанында тапсырылады. Алматы - Медиа орталықтың, Шымкент қаласы - облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылысын бастаған. "Сонымен қатар ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, ҚР Қорғаныс министрлігі және «Казаэронавигация» АҚ мақұлдаған Түркістан қаласындағы әуежайды салу үшін 905,3 гектар жер телімі бөлініп отыр", – деді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы.