Ақтауда бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Сайысқа 14 облыс, 3 қаладан келген 200-ден астам спортшы қатысты. Сондай-ақ Ұлттық құрама сапында әлемдік ареналарда топ жарып жүрген боксшылар да бақ сынады.
Бір аптаға созылған былғары қолғап шеберлерінің сайысында Маңғыстау командасы 1 алтын, 2 күміс, 4 қолаға ие болды. Жалпы командалық есепте екінші сатыға тұрақтады. 2 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде алған түркістандықтар көш басына шықса, 2 күміс және 3 қола медаль еншілеген Жамбыл облысы командасы үштікті қорытындылады.
Қоржынымызға түскен алтынды 64 келіде өнер көрсететін Санатәлі Төлтаев салды.
Саматәлі Төлтаев (60 келі), Ерік Әлжанов (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (91 келі) күмісті қанжығаласа, Нұрбол Қалжанов (56 келі), Мәулен Өскенбек (69 келі), Нұрлан Сабыров (81 келі), Айболды Дәуренұлы (+91 келі) қолаға қол жеткізді.
Ерік Әлжанов пен Бекзат Нұрдәулетов үздік бокстасқаны үшін марапатталды.
Айта кетейік, жүлдеге іліккендер 2019 жылы өтетін Азия және Әлем чемпионаттарына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал Әлем чемпионатында 2020 жылғы Токио олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады. Маңғыстаулық 8 жүлдегер Ұлттық құрама сапына енеді. Келер жылы аталмыш сайыстарға дайындықты бастайды.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=_Zbj9egzygI[/embed]Ал Қазақстан чемпионатының нәтижесі төмендегідей:
49 келі:
52 келі:
56 келі:
60 келі
64 келі
69 келі
75 келі
81 келі
91 келі
+ 91 келі
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65853,65854,65855,65856,65857,65858,65859,65861,65863"] https://www.youtube.com/watch?v=3Lp5VBtZJhs