©
Әкімдік әлеуметтік желіге қала аумағында жобалық сметалық құжаты жоқ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының рұқсатынсыз, инфрақұрылымы жасалмаған, өздерінің жекеменшік жер телімдеріне көпқабатты тұрғын-үй құрылыстарын бастаған бірнеше құрылыс компаниялары барын жариялаған болатын.
Онда заңға бағынғысы келмейтін құрылыс компаниялары жарнаманың барлық түрімен (БАҚ арқылы) тұрғындарды үлкескер болып қаржы салуға шақырып, салынбаған көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлерін саудалап жатқандығын жазған. Ал тұрғындар ол жерлерге газ, жылу, су, тоқ жүйелерінің жеткізілмегенінен бейхабар.
«Бұл туралы ақпараттар қалалық прокуратураға, қалалық полиция басқармасына, облыстық миграциялық полиция департаментіне және Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына берілді. ҚР жарнама заңына (13 бап, 6 тармақ) сәйкес «Өзінің жобалау құжаттамасына және мемлекеттік құрылыс нормалары мен қағидаларында көзделген тұрғын үй ғимараттарының сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан, сондай-ақ алғаш пайдалануға берілген тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) жарнамалауға тыйым салынады» анықталмаған тұрғын-үй жарнамасын жарияламауын ескертеміз», - делінген әкімдік хабарламасында.
Осыған орай барлық БАҚ құралдарына тұрғы-үй жарнамасын жариялар алдында, ал тұрғындар пәтер сатып аларда қалалық әкімдіктен жазбаша құжаттардың заңдылығы туралы ақпарат алуды сұраған.
Бұл жазбадан кейін желіде тұрғындар ол үйлердің атын атап, түсін түстеуді сұраған соң әкімдіктің баспасөз қызметі эскизін заңсыз өзгерткен үйлердің тізімін жариялады. Қала аумағында тұрғын үй құрылысының эскиздік жобасын қалалық сәулет және қала құрылысы кеңесінен 5 қабатты етіп бекітіп, бірақ 6 қабатты үй тұрғызған 4 құрылыс компаниясы анықталғандығын жазды. Олар:
Анықталған мәліметтер бойынша Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі Ақтау қалалық сәулет және қала құрылыс кеңесімен тұрғын үйдің эскиздік жобасы 5 қабатты болып бекітілген.
«Алайда, бүгінгі күні 5 қабатты үйдің орнына 6 қабатты үй тұрғызылғаны анықталып отыр. Тіпті олардың кейбірі 1 жыл бұрын пайдалануға беріліп кеткен. Тізімдегі екі құрылыс компанияның басшылары Ақтау қаласының әкімдігінен 6-шы қабаттың құрылысын заңдастырып беруін сұраған болатын. Бұл өтінішке қалалық сәулет және құрылыс бөлімі қарсылық білдіріп, аталған заңбұзушылық бойынша анықталған барлық 4 құрылыс компаниясына Маңғыстау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына заң аясында шара қолдану үшін хат жолданды», - дейді баспасөз қызметі.
Дегенмен әкімдік хабарлағанымен, бұл тізімнен салынбаған үйлерін саудалаған компанияларды байқамадық.