Екі күн бұрын сайтымызда жерлесіміздің самбодан әлем чемпионатында жүлде алғанын жазғанбыз. Қоржынға қола жүлде салған Нұркен Домбаевты және оның бапкері Берік Жұмағалиевті жақындары мен достары, "Жас батыр" спорт мектебінің спортшылары кеше әуежайдан күтіп алды. Олардың қатарында Ш.Бөлтекұлы атындағы спорт мектебінің басшысы Марат Бейсенбаев та болып, палуанды құттықтады.
Ересектер арасындағы самбо және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты Румыния астанасы Бухаресте өтті. 52 келіде өнер көрсететін Нұркен құрамадағы кезекті қоланы жарыстың соңғы күні қанжығаға байлады.
- Жарыс өте жоғары деңгейде болды. 80 елден 450-ден астам спортшы қатысты. Бес кездесу өткіздім, армениялық палуанға қолымның жарақатына байланысты есе жіберіп алдым. Ал қол жүлде үшін таласта моңғол палуанын ұттым, - дейді жүлдегер.
3 күнге созылан сайысқа Қазақстаннан 30-дай спортшы қатысып, 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Ресей құрамасы – 1 орын, Грузия – 2 орын, Қазақстан құрамасына – 3 орын еншіледі.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65627,65624,65623,65622"] https://www.youtube.com/watch?v=kuHuP95v6dY