Каратэшілердің бұл сайысы Қазақстанда ғана емес, Азия аумағында алғаш рет өтті. Нәтижесінде Ресей құрамасы командалық есепте көш басына шықты. Екінші нәтиже Румыния спортшыларына бұйырса, үштікті жерлестеріміз түйіндеді.
Додаға Ауғанстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Дания каратэшілері қатысты. Ақтаулық спортышылар Баландин Александр, Нургазыев Мирас, Зуенко Дамир, Романова Софья жүлдегерлер қатарынан көрінді.
-Әлем чемпионаты ең алдымен салауатты өмір салтын насихаттау шарасы. Сондықтан мұндай шараға басшылық немесе спортшылар ғана емес, қоғам боа атсалысуымыз қажет. Мен бұған дейін мұндай жоғары деңгейде ұйымдастырылған чемпионат көрмедім десем артық айтқаным емес. Толықтай заманға сай жасақталған, қабырғалардың бәрі ашихара-каратэ жайлы сөйлеп тұрғандай. Қайда қарасам да маған әкемнің жанарын көргендей боламын. Бұл сайыстан кейін сіздің елде каратэ спортына қызығушылар саны артады деп үміттенемін, - дейді ашихара-каратэ халықаралық ұйымының жетекшісі Хиденори Ашихара.
https://www.youtube.com/watch?v=Sl9XpLzRzUw-Менің барлық қарсыласым өте мықты болды. Қиындыққа қарамастан, финалдық кезеңге дейін жетіп, жүлдеге іліктім. Ашихара-карктэден әлем чемпионаты біздің елде өтіп жатқанына қуаныштымын. Бүгінде спорт саласына өте жақсы көңіл бөлінеді. Жаңа залдар ашылып, балалардың дайындалуына мүмкіндік молайды. Мәселен, бүгінгі жарыс өткен кешен соңғы үлгіде жабдықталған әрі кішкентайлардың спортпен шұғылдануына жағдай жасап отыр. Бұл чемпионат арқылы еліміз өзін тағы бір қырынан аша түсті деп ойлаймын. Жас әрі әсем қала Ақтау көз алдымызда көркейіп келеді. Теңіз жағалауының тартымдылығы өз алдына. Бұл шаһарға қайта айналым келуден шаршамас едім, - дейді чемпионаттың қола жүлдегері Бақтияр Бағысбаев.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 8-10 қараша күндері «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өтті. Оған әлемнің 20 елінен 243 спортшы қатысты.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттер мен бйнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65480,65479,65478,65476,65481,65482"]