VI Әлем чемпионаты 8-10 қараша күндері «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді.

Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Нұрбек Жұмабекұлы, ашихара-каратэден VI Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің менеджері Игорь Отаров, «Ашихара-каратэ қоғамдастығы–жаңа халықаралық каратэ» ұйымының басшысы Кантё Хиденори Ашихара және спортшылар мен жаттқтырушылар қатысты.

Аталмыш жарыстың ерекшелігі — Азияда алғаш рет өткізілуі. Бұған дейін Еуропада ғана өткізілген.

Үш күнге созылатын халықаралық жарыс үш бөлімнен тұрады.

Катадан өтетін жарыс (жеке және командалық) – 8 қараша;

Ашихара фулл жарысы (жаңа стиль) – 8 қараша;

Ашихара Кумитэден өтетін жарыс – 9-10 қараша;

Ақтауда өтетін чемпионатқа 20-ға жуық мемлекеттен  370 адам келмек. Оның 243-і спортшылар, қалғаны жаттықтырушылар, команда жетекшілері мен жанкүйерлер.

Айта кетейік, қатысушылар мынадай номинациялар бойынша жарысады: 14 жасқа дейінгі балалар; 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер; 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар; 18 жастан 35 жасқа дейінгі, егде жастағы адамдар; 35 жастан асқан және ардагерлер.

Теңге БЕКМҰРЗАЕВА,
Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз