Маңғыстауда қарашаның 8-10 күндері ашихара-каратэдан VI Әлем чемпионаты өтеді, бұл туралы бүгін Маңғыстау облысының ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтылды.

Жиынға Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Жұмабекұлы, ашихара-каратэден VI Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің менеджері Игорь Отаров, «Ашихара-каратэ қоғамдастығы–жаңа халықаралық каратэ» ұйымының басшысы Кантё Хиденори Ашихара қатысты.

Аталған ашихара-каратэ жарысының ерекшелігі — Азияда алғаш рет өткізілуі. Бұған дейін бұл спорттық жарыс Еуропада ғана өткізілген.

«Биыл Азияда, яғни Қазақстанда ашихара-каратэдан чемпионат өтетініне өте қуаныштымын. Әлемнің түкпір-түкіпірінен спортшылар келеді. Оларға ашхара-каратэның негізгі стилін қолданатындарына және әлемнің спортшылары ашихара-каратэнің қандай спорт екендігін танытып, көрсететіндігіне қуаныштымын», — деді «Ашихара-каратэ қоғамдастығы – жаңа халықаралық каратэ» ұйымының басшысы Кантё Хиденори Ашихара.

Үш күнге созылатын халықаралық жарыс үш бөлімнен тұрады.

  1. Катадан өтетін жарыс (жеке және командалық) – 8 қараша
  2. Ащихара фулл жарысы (жаңа стиль) – 8 қараша
  3. Ашихара Кумитэден өтетін жарыс – 9-10 қараша

«Бұл маңызды шара тек турнир үшін ғана емес,  сонымен қатар біздің Қазақстан үшін де маңызды жарыстардың бірі. Бұл аса көлемді жарыста халықаралық ашихара-каратэ спорт мектебі әлем чемпионатын өткізуге бел буған. Біз көп елмен бәсекелестікте болдық, әлем чемпионатын өткізуге тендерді жеңдік. Осы орайда Ақтау қаласына және Қазақстанға осынау сыйымызды арнамақпыз. Қазіргі таңда «Маңғыстау Арена» кешенінде спорттың өтетін орны дайндалып жатыр. Сіздерге бұл жарыс түрі ұнайды деп ойлаймыз«, — деді Ашихара-каратэден VI Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің менеджері Игорь Отаров.

Жарысқа 20-ға жуық мемлекеттің спортшылары келеді. Ақтауда өтетін бұл халықаралық чемпионатқа 370 адам келеді. Оның 243-і спортшылар. Оның арасында Қазақстандық спортшылар да бар. Ал қалғаны жаттықтырушылар, команда жетекшілері мен қолдаушылар екендігі бүгінгі өткен брифингте мәлім болды.

Айта кетейік, әлемнің 20 елінен медальдар үшін мынадай номинациялар бойынша жарысады:

  1. 14 жасқа дейінгі балалар
  2. 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер
  3. 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар
  4. 18 жастан 35 жасқа дейінгі, егде жастағы адамдар
  5. 35 жастан асқан және ардагерлер.

Жарыс 8-10 қараша күні 33 шағынаудан «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өтетінін естеріңізге саламыз.

Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Аты жөніңізді жазыңыз