«Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын жоғарғы интенция» деген Александр Герцен толғамды сөзі бар. Кеуде көзін шел басқызар күндегі тіршіліктен бір сәтке де болса арылып, адамдық болмысыңды танудың бір жолы – театр. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Иранбек (Иран-Ғайып) Оразбаевтың «Диогеннің бөшкесі» атты шығармасын режиссер Гүлсина Бақытжанқызының жетекшілігімен Н.Жантөрин Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры сахнасында қойылды.
Сонау бағзы заманнан жұдырықтай жүрегінің түктілігімен-ақ бар ғаламды дүр сілкіндіріп, қайқы қылышы қанға шөлеркеген талай даңқты қағандар өткені тарихтан белгілі. Құмға ғана тояр қомағай көздің дәулет жолында жаннан безерін көп адам біле ме? Бес күндіктің жалғандығын ұмыттырып, шыңды еңсеруге әуес адамның Тәңірісіне жақын тұсы қайсы?! Диогеннің тар бөшкесіне сүңгу арқылы адамшылығының сәби кезінде қалғып кеткенін ұққан Ескендір патшаның ғұмыры сомдалған қойылымның дүйім жұртқа тәлімі мол. Қарайған кеудені сабасына түсіріп, тазалыққа жетектер жалғыз анна сөзі – қош, әлди, әлди..!
Сағатқа жуық жүрек балқытқан қойылым әртістеріне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов ризашылығын білдіріп, халық алдында Иран-Ғайып ақынға елдің руханиятына зор үлес қосқаны үшін үлкен алғысын білдірді.
Мадияр ТӨЛЕУОВ,
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="65515,65516,65517"]