Еуразияның төскейін алып жатқан ұлан-байтақ Қазақ елі басын асқар Алтайға жастанса, ал табанын сонау Каспийдің толқыны шайып жатыр. Бұл ел ғасырлар бойы ұлы оқиғалардың: халықтар мен тайпалардың қоныс аударуының, әскери-саяси қақтығыстардың, сонымен бірге түрлі мәдениет пен өркениетті бойына сіңіре білген, үрдісі үзілмеген көшпелі өмірдің куәсі болды. Сондықтан да бүгінгі Қазақстан жері мәдени-тарихи жәдігерліктерге орасан бай. Десе де олар әлі де толыққанды танылған жоқ, тіпті зерттермендердің өзі де оның қыр-сырын жетік біле бермейді.
Бүгінгі таңда мұндай қайталанбас құнды тарихи-мәдени мұраларымызды жан-жақты ғылыми зерттеп қана қоймай, көздің қарашығындай сақтап, кеңінен насихаттау керек-ақ. Ол бір жағынан жаңа дәуір мен өткен мыңжылдық тарихымыздың сабақтастығын бекітіп, еліміздің еңсесін тіктеп, рухы мен мәртебесін көтеріп, ұлттық-отаншыл санасы мен парасатын шыңдаса, енді бір жағынан өзге шет жұрттарға еліміздің өзгеше бітімді өнері мен мәдениетін танытуға, даңқын асырып, атын аспадатуға септігін тигізері даусыз.
Құпиясы мен тұңғиық тарихын ішіне бүгіп жатқан осынау өлкеде біздің аталарымыз бабаларының аруағына бағыштап, тұтастай бір құлпытастар «қалашығын» тұрғызып кеткен.
Мұндай қауымдық-рулық зираттар ғасырлар бойы далалық көшпелілердің өмірінде өте маңызды рөл атқарған.
Жарылғыс қорымы Маңғыстау ауданы, XVIIІ ғ аяғы – ХХ ғ басы Қызан ауылынан 26 км батыс бағытта орналасқан.
N 44, 43◦ 551
Е 053, 13◦ 220
Құлпытас: Тән Құрман қызы 77 йашында уфат болды
Құлпытас: Тәнті Төлеміс ұғлы 24 йашында уфат болды
Құлпытас: Әбибулла Көтібар ұғлы 22 жасында уфат болды
Құлпытас: Қали Аңдамас ұғлы
Құлпытас: Сейітмағамбет Құдайберген ұғлы
Құлпытас: Жары Жарылғас ұғлы Жантуған ұғлы Сары
Құлпытас: Адай руғы Йары тайфасы Йарылқас ибн ..тай ....?
Құлпытас: дамолла Селмағамбет Жантілеу ұғлы 23 йашында
Құлпытас: Шуақбай Адамбергенұлы
Қарағайлы қорымы Маңғыстау ауданы Қызан елді мекенінен 34 км жерде орналасқан.
N 45 11◦ 421
E 052 34◦ 176
Сағанатам, құлпытас: Адай руғы Жары бөлімі Кешще Қуанышбек Шалқарбай ұғлы уфат болды 1912-нші жылда, ұстасы Қыдырша жездесі
Құлпытас, қойтас: Жаныс
Құлпытас: Қартжан Сейітнәсім ұғлы
Құлпытас: Байбағыт Сейітнәсім ұғлы
Құлпытас, құлпытас: Темірболат Сейітнәсім ұғлы
Құлпытас, құлпытас: Гүлсім бинт Нұрбек
Қойтас: Қадірбек ибн Теңел
Қойтас: Кенман
Қойтас: Самаш Өтеғұл бинт
Қойтас: Өтепберген
Құлпытас: Машыр
Қайып қорымы Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылынан 47,5 км шығыс бағытта орналасқан.
N 44 58◦ 743
E 053 23◦ 608
Құлпытас: Адай Жеменей тайфасы Шылым бөлімі Досмухаммед молла баласы Абдулкәрім уфат 77-де қылдырды баласы Нәубет 1860 санда (Көшке жеменей Доспамбет бидің немересі)
Қара қорымы Маңғыстау ауданы Қызан елді мекенінен 36 км солтүстік бағытта орналасқан.
N 45 11◦ 300
E 052 29◦ 930
Тасқоршау: жаңадан қойылған құлпытас: Беріш Қаратоқай Итемген ұлы Қара
Құлпытас: Сарт Өтеген ....?
Құлпытас: бин Күнтай бин Қошық бин Жары бин Мұңал бин Адай руғы
Құлпытас: Адай руғы Йары Бектеміс Қ....? Есенбай баласы .......?
Құлпытас: 1906-жылда Беріш ауылының қырғызы Таймухамед Рақман ұғлы 13 жасында уфат болды
Құлпытас: Беріш ауылының қырғызы Күнтай Бектұрған қызы 78 жасында уфат болды
Құлпытас: Тілепбайдың ұғлы Қалдыбек мырза
Қызық қорымы Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылынан 32,5 км шығыс бағытта орналасқан.
N 44 43◦ 551
E 053 13◦ 220
Құлпытас: Қаралда
Құлпытас: Адай руғы Жеменей тайфасы Бәйбише бөлімі Жаманбай Базарбай ұғлы 17 жасында уфат болды 1892 жылда
Құлпытас қойтас: Беріш руғы Қаратоқай бөлімі ................?
Құлпытас: Ерман Сардар ұғлы
Құлпытас: Адай руғы Жеменей тайфасы Бәйбише .....? баласы Алыбай .....? жаудан өлді, ұстасы Биалмас, жазғушысы Есмухамед молла
Сеңгірбай қорымы Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылынан 18 км солтүстік-шығыс бағытта орналасқан.
N 44 66◦ 171
E 052 59◦ 785
Сағанатам: Қараш руғы Мәмбет тайфасы Есей бөлімі Тұрсынбай Есенқара баласы, Өтептің айалы Хатира, .....? баласы 61 жасында
Тиген қорымы Маңғыстау ауданы, Тиген ауылынан 500 м солтүстік бағытта орналасқан.
N 44 29◦ 251
E 052 05◦ 198
Сағанатам: Адай руы Жары Тоқтамыс Аязбай Бөлтек ұлының 1927
Шарғұл қорымы Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылынан 7 шм оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.
N 44 46◦ 155
E 052 47◦ 325
Сағанатам: Тауатар
Сағанатам: Бу там Қарабастың тамы Қаратоқа ауылының қырғызы Есім ұғлы деп белесіз
Сонымен, ұлттық мақтаныштың қайнар көзі, бұл – тарих пен мәдениет. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен мақтанады. Олай болса, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған, екінші рет ешкім сыйға бермейтін қазіргі біздің мақтанышымыз ғана емес, болашағымызға маңызды мұраларымызды қамқорлықпен қорғауға баршамыз болып ат салысайық.
Нияз ТОБЫШ