• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 4 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    «Ауылым – ел бесігі» жастар керуені Ақшұқыр ауылында

    [ 2018 ] 31 қазан, 12:39  |  Жаңалықтар

    Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Бауырлас жауынгерлер» ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен өткен шара бірнеше ауылды аралап келеді. Қазан айының 23-де жолға шыққан керуен бұған дейін Мұнайлы ауданында, Басқұдық, Қызылтөбе-2 ауылдарына ат басын тіреген. Алда Таушық, Форт-Шевченко, Қызылсай, Рахат, Теңге ауылдарына да сапарын жалғамақ.

    Мақсат - аудан, ауылдарды аралап, жастармен бетпе-бет жүздесіп,  жастар саясатын, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру. Әдістемелік кеңестер беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдау, талқылау.

    Бүгін керуен Ақшұқыр және Сайын елді мекендерінің жастарымен кездесті. Керуен құрамында Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелер басқармсының басшысы Бауыржан Тұяқов, «Бекен» жас көшбасшылар достастығы бірлестігінің төрағасы Мұқаш Бекенұлы, «М. Тынышбаев атындағы ҚазККА» Ақтау көлік колледжі директорының орынбасары Бауыржан Сәтбаев, «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі АҚ МО филиалының менеджері Майлыбаева Балияш, МО Дін істері басқармасы ақпараттық талдау орталығының теологы  Саид Абдулхамидов, МО кәсіпкерлік және сауда басқармасының бас маманы Мұханбет Өтегенов, «Бауырлас жауынгерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мәтжан Шаулиев, МО Жастар ресурстық орталығының директоры Досан Жеткізген бар.

    Елбасы 5 қазан күнгі Жолдауында келесі жылды «Жастар жылы» деп атауды ұсынған болатын. Осыған орай алдағы жылы атқарылар жұмыстар жоспарын жасақтау үшін жастардың пікірін білу де маңызды.

    -Мемлекеттік органдардың, әртүрлі институт мамандарының басын қосып, аудан-ауылдардың жастарымен кездесіп, ақылдасуды, пікірлесуді мақсат еттік. «Жастар жылы» жастарға үлкен мүмкіндіктер берілетін жыл. Ол туды ұстап, той тойлау деген сөз емес. Жастардың мәселесін шешуге барлық орган, құрылымдар атсалысатын болады. Жұмысқа орналасуына, білім алуына, баспаналы болуына қолдау көрсетіліп, денсаулығына көңіл бөлінбек. Қазір облыста «Жастарға қандай көмек көрсете аламыз?» деген жол картасын дайындап жатырмыз. Осы мақсатта ауылдарға шығып, ұсыныстарды жинақтап жатырмыз. «Келер жылы не ұйымдастыруға болады? Қандай мәселелерге назар аудару қажет?» деген сауалдарға жауап іздейміз. Жастарымыздың дұрыс ойлауына, алдына дұрыс мақсат қоя білуіне септігімізді тигізгіміз келеді. Қажетсіз дүниелермен айналысқанша, біз де өзге мемлекеттердің жастары секілді бәсекеге қабілетті болайық. Ағылшын тілін үйренейік, саяхаттайық, әлемдегі барлық оқу, трендтерді үйренейік. Бірақ оларды үйрену арқылы түп-тамырымызды, тәлім-тәрбиемізді өзімізбен алып жүрейік, - дегенді айтты Бауыржан Тұяқов.

    Қазір облыс бойынша 8 жастар орталығы бар. Әр аудан, қалаларда орналасқан орталықтар  жастардың мүдделерін қорғап, бастамаларына қолдау білдіріп, жұмыстарын үйлестірумн айналысып келеді.

    -Өкінішке қарай, кей жағдайда қазақ жастарында әлі күнге дейін кішігірім жалқаулық, енжарлық деген дүние байқалатыны жасырын емес. Елбасы «Рухани жаңғыру» мақаласында ең бірінші «Бәсекеге қабілеттілік» дегенді айтады. Мысалы, білесіздер, қатар құрбымыз Айфон 6 алса, біз Айфон 7,8 алуға тырысамыз. Яғни, біз өмір бойы жарысып келе жатырмыз. Бұл нарықтық заманның әсері секілді. Әл-Фараби, Әлкей Марғұлан, Халел Досмұхамедов сынды мықты тұлғалар шыққан топырақтан Нобель сыйлығының иегері шықпайды дегенге сенбеймін. Себебі бізде ол тектілік, ол ұлылық бар, оны ояту ғана қалды. Елбасы «Өмір сүру үшін өзгере білу керек, өзгере алмағандар тарих шаңында қалады» деді. Өзгеріс деген – сынға дайын болу, жаңаша ойлау, кей нәрселерді басқа қырынан табу. Жалпы айтылған Елбасының сөздерін іске асырушы да, игілігін көруші де – бізбіз. Сондықтан еңбектенуіміз, жаңашылдыққа ұмтылуымыз қажет, - деп Мұқаш Бекенұлы замандастарын қайрап, бір жігерлендіріп алды.  Ол жас болса да әлемдік деңгейге танымал, адамзатқа пайдалы істерімен көзге түскен тұлғаларды тілге тиек етіп, оларды көпке үлгі етті. Өзі секілді жастарды бәсекеге қабілетті, білімді, ізденімпаз болуға шақырды.

    Жастар мәселесінде білім алып, үйлі болудан өзге қоғамдағы рөлі, оларға сыртқы ортаның әсері де назардан тыс қалмайды. Мәселен, діни сауаттылығы, көзқарасы. Бұл тақырып бойынша теолог Саид Абдулхамидов тұшымды әңгімелер айтып, жастарға ой салды.

    -Қазір жастарымыз дін мәселесіне, намазға қызығушылығы оянса, ғаламтордан қарайды. Бүгінгі таңда мыңдаған теріс ағымдағы парақшаға тосқауыл қойылып жатыр. Қатарында «белсенді өмір», «ислам», «Қанафи масхабы» деп ашып қойғандар бар. Яғни, аты басқа, ішкі кейпі басқа болып жатыр. Сондықтан интернеттен алынған дүниелерді бақылап, сараптаған жөн, - дейді ол.

    Сонымен қатар теолог діни адасушылықтың алдын алу, діни ақпараттарды дұрыс қабылдау, ата-ананың қадірі, баланың парызы т.б.  жөнінде кеңестерін ортаға салды.

    -Туған күні болса бетіне тортты, неше тұрлі тағамды төңкеріп, көліктен түсе салып билеу жастар арасында белең алып кетті. Олар аға-әпкелерінен көріп жасап жатыр. Сол себепті жасап жатқан дүниеңіздің пайдасы бар ма, жоқ па ойланған жөн. Өзіңізден кейінгі кішілер сіздерді «аға» деп, «әпке» деп үлгі тұтады. Сондықтан іс-әрекетімізге,  сөзімізге жауап берсек, - деді Саид Абдулхамидов.

    Кездесуге келген жас мамандар, оқушылар спикерлерді тыңдап болған соң өз сұрақтарын қойып, жауап алды. Олардың білім, баспана алу мәселесіне көбірек көңіл бөлетіні байқалды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің өкілі оларға баспана алу жолдарын, салымдар жүйесі, құжаттарды жинақтау жөнінде кеңес берді. Жиын аяғында қатысушы жастар тегін түрде банктен өз  шоттарын ашуға мүмкіндік алды.

    Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

    Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="64751,64749,64748,64747,64746"]
    1187
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар жастар беті анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстау театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілмек

    Келесі жаңалық

    Құпия жазуы бар ескерткіштер әлемі

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Келесі жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өседі

      [ 2019 ] 10 желтоқсан, 06:41
      1485

      "Ұранды елдің ұрпағы қайсар" : Әлем чемпионына құрмет

      [ 2019 ] 4 қараша, 10:26
      2226

      Yessenov University «бизнес және құқық» факультетінің декан орынбасары жастармен кездесті

      [ 2019 ] 25 қазан, 13:46
      1781

      Жұлдызы жанған үш спортшыға құрмет көрсетілді

      [ 2019 ] 25 қазан, 09:12
      2100

      Ақтаулықтар самбодан әлем чемпионы Дәурен Төлегеновті қарсы алды

      [ 2019 ] 16 қазан, 07:25
      1439

      "Қыз - ұлт болашағы"

      [ 2019 ] 17 қыркүйек, 12:45
      1606

      Рубрикалар

        СаясатМәселеСараптамаӘдебиетЭкономикаРедакция газеттеріМәдениетАшық қоғамЖастар бетіАудан тынысы

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1915

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1837

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2280

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2083

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2611

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2149

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»