Қараша айында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілмек. Енді Иран Ғайыптың «Диоген мен Ескендір» әфсанасын көрермендер театр сахнасынан тамашаламақ. Қоюшы режиссері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мерғалиева, костюм суретшісі – Гұл Зиятова, суретшісі – Талғат Мамаев.
Гректің ұлы философы Диогеннің аты данышпандығынан бөлек бөшкеде тұрғандығымен танымал. Өйткені ол адам үшін осының өзі жеткілікті деп санап, барынша тақуалықты уағыздаған.
Аталмыш қойылымда өзінің жеңіске деген ұмтылысымен, сардарлық талантымен мәшһүр бола тұра даналықты, абыз адамдардың ойларымен санасып, оны бағалай білген даңқты қолбасшы Александр Македонскийдің ұлы философпен кездесуі баяндалады.
Грекияны жаулап алған сапарында жеңімпаз қолбасшы əңгімелесу үшін Диогенді іздеп келеді. Оның көкейін тескен «Бөшкеде тұрып жатқан тұл кедей Диогеннің атақ-даңқы қалайша жарты əлемді жаулап алған Ұлы патша-Александр Македонскийдің атағына тең келмек?» деген сауал.
Қарапайым пенде қалайша қаһарлы патша секілді даңқты? Неліктен оны бүкіл ел біледі? Тіпті неге оның бөшкесіне дейін бағалайды? Жарты əлемді жаулап алып отырған патша тұрғанда жұрттың қайдағы бір кедейдің бөшкесін əңгімеге тиек ететіні несі? Неге бұлардың даңқы бірдей?
Заманында Александр Македонскийге байыз тапқызбаған бұл сұрақтардың жауабы спектакльде көрініс табады. Келіңіздер!
Қойылымның премьерасы театр сахнасында 4, 11, 16 күндері өтеді.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="64722,64720"] https://www.youtube.com/watch?v=T2CR-I1bU3o