©
КСРО спорт шебері Ақшабаев Баламұрат Сұлтанұлын еске алуға арналған дзюдодан IX Халықаралық турнир өтеді. Бұл жөнінде «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов хабарлады. Қазан айының 30-31 күндері өтетін сайысқа 2002-2004, 2005-2007 жылы туған ұл-қыздар қатысады.
Турнирде Өзбекстан, Қырғызстан елінің, Алматы, Атырау, Ақтөбе, БҚО, ШҚО, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының және Астана, Алматы, Шымкент қаласының спортшылары бас қосады.
Жарыстың бас төрешісі: Халықаралық дәрежедегі төреші – Талғат Аманжолұлы Есекенов.
Жарыстың бас хатшысы: ҚР ұлттық дәрежедегі төреші – Хапанов Асхат Жангелдіұлы.
МО спорт басқармасы мен "Жас Батыр" спорт мектебі ұйымдастырған жарысқа 550 дзюдошы қатыспақ. Жүлделі орын алған спортшылар Дзюдодан ҚР спорт шеберлігіне үміткер атағын иеленеді.