©
Маңғыстауда қараша айының 3-4 жұлдызында Маңғыстау облысының құрметті азаматы Тұрар Қалиұлы Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы "Ашық Азия" кубогы өтеді.
Т.Жолдыбаевты еске алуға арналған жарыс 2009 жылдан бастап өткізіліп келеді. Халықаралық жарысқа тоғыз елдің спортшылары қатыспақ. Атап өтсек, Грузия, Грекия, Қырғызстан, Моңғолия, Алжир, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің үздік спортшылары қатысады. Жарыста барлығы 150-ге жуық дзюдошы бақ сынайтын болады.
"Аталмыш спорт додасы халықаралық дәрежеге көтерілді. Алыс және жақын шет елдерден қатысатын турнир осы жылы "Ашық Азия" кубогы деген атаумен жаңа деңгейге шығып, лицензиялық жарысқа айналды. Маңғыстаулық спортшылардың дайындығы жоғары дәрежеде, спортшыларымызға сәттілік тілеймін", - деді Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының атқарушы директоры Мерейбек Шаулекен.
Жарыс жеңімпаздары олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу үшін ұпай жинайды.
Айта кетейік, жарыс Ақтау қаласы 33 шағынаудан «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өткізіледі. Спортшыларымызға келіп жанкүйер бола аласыздар.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ