Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарын Қарақия ауданынан бастады. Өңір басшысы тәулігіне 350 м3 суды өкізетін "РЕАЛОС" ағынды суды тазарту кәсіпорнына барды. Мұнда бұрын пайдаланылған су тазартылып, қайта өңделеді, содан кейін қайта суару үшін пайдаланылады. Қазір екінші жобаның құрылысы жүріп жатыр. Ол іске асырылған кезде кәсіпорынның өткізу қабілеті екі есе артады, бұл мектептердің, балабақшалардың, медициналық мекемелердің және кенттің көп қабатты үйлерінің ағынды суларын тазартуға мүмкіндік береді.
Жетібай және Мұнайшы ауылдарының тұрғындарымен кездесу барысында Ералы Тоғжанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру" атты жаңа Жолдауына сәйкес облыс басшылығының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Қарақия ауданы әкімінің атқарылған жұмыстары туралы баяндамасынан кейін ауыл тұрғындары негізгі өзекті мәселелерді ортаға салды. Олардың бірі - ауыл шаруашылығымен, атап айтқанда мал суаратын ауыз судың жеткіліксіздігімен байланысты, жаңа шағынаудандар мен ауданның шалғай ауылдарын газдандыру мәселесі. Сондай-ақ жерді жекеге сату мәселесі де айтылды. Ералы Тоғжанов көтерілген мәселелерді тексеріп, пайдаланбай тұрған жерлерді анықтауды тапсырды.
«Жер мәселесіне келер болсақ, Президент Бас прокуратураға жерді пайдаланбау фактілерін тексеруді тапсырды. Өткен жылы біз 111 жер учаскесін мемлекетке қайтардық. Бірнеше жыл бойы мақсатына сай пайдаланылмаған жерлерді қайтарылды. Сондықтан сіз айтқан барлық дерек қаралып тексеріледі", - деді облыс әкім.
Тағы бір өзекті мәселе - жұмыспен қамтамасыз ету. Облыс әкімі жұртшылықты, әсіресе жастарды кәсіпкерлікпен айналысуға шақырды. Кәсіпорын ашып, адамдар өздері жаңа жұмыс орындарын құра алады. Сонымен қатар, аймақ басшысы білім алған адамдарды жұмысқа орналастыруға, қажет болған жағдайда оларды қосымша оқуға жіберуге көмектесуді тапсырды. Сонымен қатар, осы жылы Қарақия ауданының 100 тұрғыны «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша білім алды. Олардың 35-і Жетібай ауылының тұрғындары, бірақ олардың бесеуі ғана өз бизнесін аша алды.
Өңір басшысы жұртшылыққа «Нұр Капитал» жаңа бағдарламасын пайдалана отырып, 1 пайызбен несие алып, жеке істерін бастауға мүмкіндігі барлығы жөніңде айтты.
Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетібай ауылында өткен кездесу барысында тұрғындар ауыз судың сапасы туралы мәселені көтерді. Су сапасының нашарлауы кәсіпорындағы суды химиялық тазалау кәсіпорнындғы жабдықтың ескіруімен байланысты. Мұндағы жабдықтар 20 жылдан астам жөндеуден өтпеген. Өңір басшысы қажетті қаржы бөліп, кәсіпорынды жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды.
Кездесу соңында Ералы Тоғжанов Жетібайдағы апаттқа қауіпті үйлерді аралап, аудандық аурухананың жай-күйімен танысты.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63377,63381,63378,63382,63380"]