Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Түпқараған ауданында Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан әкімі Айдос Хамиев атқарылған жұмыстар мен екі ауылды дамытудың алдағы жоспарлары туралы облыс әкімі баяндама жасады.
"Ақшұқыр ауылында мал шаруашылығымен және өсімдік шаруашылығымен айналысатын 29 шаруашылық жұмыс істейді. 9 айда 13,6 га жылыжайдан 324,7 тонна көкөніс жиналды. Мал басы 26%-ға өсіп, саны 14230 басқа дейін жетті. Ақұқыр ауылында 160 орындық фитнес және екі спорт залы бар спорт кешені салынады. «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша жалпы бағасы 154,0 млн. теңгені қамтитың 10 жоба мақұлданды", - деп атап өтті А. Хамиев.
Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақшұқыр ауылындағы 960 орындық мектеп-лицейде үш ауысымда 1864 бала оқиды. Үшауысымды оқуды болдырмау мақсатында 600 орындық мектеп құрылысының ЖСҚ дайындалып, қаржыландыру мәселесі республикалық бюджетке қарауға ұсынылған.
Облыс әкімі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауында білім беру сапасы мен қоса оның жетімділігін арттыру мәселесіне басымдылық бергенін атап өтті. Келер жылы Маңғыстауда алғаш рет мектеп табалдырығын 11 мыңнан астам бала аттайды, ал 6 жылдан кейін бірінші сынып оқушыларының саны 18 мыңға жетеді. Облыста демографияның өсуіне байланысты, санақ бойынша өңір бойынша орта есеппен кемінде 15 мектеп салу қажет.
Өзекті мәселелердің бірі - Ақшұқыр ауылын газдандыру, қазір ауыл 62,7% газдандырылған. Қазіргі уақытта осы мәселені шешу бойынша 4 жоба дайын, тағы біреуі ЖСҚ дайындау сәтінде. Осы жобаларды іске асырғаннан кейін ауылды газдандыру 90%-ға дейін өседі. Қазіргі уақытта Ақшұқыр ауылында 20 мүжәлсіз отбасы тұрады. Оларға газ жүргізу үшін 20 күннің ішіңде өтемақы қаражат беріледі.
«Ауылдарды газдандыру бойынша мәселелер бар. Басқа мақсатқа берілген жерге үй салынған жағдайлар кездеседі. Әрине, сол себебті мұнда қажетті инфрақұрылым қарастырылмаған. Біз бұндай тәжірибені тоқтаттық. Дегенмен, бұрын берілген барлық жерде инфрақұрылым жасалады, облыс басшылығы салынған үйлерді газбен, сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге жауапты», - деді Ералы Тоғжанов.
Ақшұқыр ауылының тұрғыны тас жолдан мектепке дейінгі жолды асфальттау мәселесін көтерді. Ақтауда ескі асфальтты алып тастағаннан кейін қала әкімінің келісімімен Ақшұқыр тұрғындары өз күштерімен 28 автокөлікпен ескі асфальтты мектеп жолына төсеуге алып келген екен. Облыс әкімі қалған жол учаскесін салуға тапсырма берді.
Түпқараған ауданының әкімі Айдос Хамиев айтып өткендей, Сайын Шапағатов ауылында 2019 жылы ашық футбол алаңы бар әмбебап спорт кешені пайдалануға беру жоспарлануда. Соған қоса мәдениет үйін салу да жоспарда бар.
Облыс әкімімен кездесуде ауыл тұрғындары жол және инфрақұрылым құрылысы туралы мәселені көтерді. Сондай-ақ Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдардың туристік әлеуеті туралы да айтылды. Ауыл тұрғындары демалыс орындарын, саябақтар салу үшін инвесторларды табу туралы ұсыныс жасады.
Ералы Тоғжанов Елбасының өңір алдына туристік кластерді дамыту міндетін қойғанын атап өтті. Сондықтан облыста туристік әлеуетті дамытуға байланысты жобалар қарастырылуда. Бұл үшін осындай жобаларды іске асырғысы келетін Маңғыстау тұрғындары өз идеяларымен туризм басқармасы мен кәсіпкерлік басқармасына жүгінулері қажет. Бұл жерде барлық жобаларды қарауға және «Нұр Капитал» бағдарламасы мен басқа да бағдарламалар талаптарына сай келетіндерге қаражат бөлуге дайын.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63392,63389,63390,63391"]