Қарақия ауданының 45 жылдық мерейтойы спорттық шаралармен басталды. Таңертеңгісін аудан жұртшылығы Құрық ауылының орталық стадионына жиналды. Спортсүйер қауым ауданның мерейтойына орай арнайы өткізілген футболды тамашалады. Футболға «Абылайхан», «Маңғыстау», «Жастар-1», «Жастар-2» және «Заман» атты бес команда қатысуда.
Бұдан соң спорттық мерекеге қатысушылар қол күресінен сайысады. Одан соң жүгіруден эстфета ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, осы күні ауданның орталығы Құрық ауылында жаңадан салынған бірнеше нысан ашылып пайдалануға беріледі. Олардың қатарында кең спорттық зал мен мұражай да бар. Естеріңізге сала кетейік, былтырдан бері аудан көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жәдігер жерде қалмасын», «Музейге сый тарту» акциялары ұйымдастырылып, ел арасында елеусіз жатқан маңызы зор құнды жәдігерлерді жинақтаған болатын.
Кешкісін Қарақия ауданының 45 жылдығын арналған салтанатты жиын өтіп, мерекеге орайластырылған шаралар гала концертпен аяқталады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ, Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62841,62839,62843,62845,62844"]