Халықаралық "Болашақ" шәкіртақысына иеленгендердің тізімі жария болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Тізімде жазылған 142 иегердің аты-жөнін мына сілтемеден оқи аласыз.
Осыған дейін "Болашақ" білім беру бағдарламасының шәкіртақысына үміткерлерге шетел тілдерін білу талабы төмендетілгені хабарланған.
"Болашақ" бағдарламасы бойынша академиялық дайындық үшін үміткерлер тіл білімдерінің ең төменгі деңгейін білсе болғаны:
неміс тілі: (Goethe-Zertifikat А1, DAAD 5.0-тен 10-ға дейін)
француз тілі: (TCF 100, DELF A1)
корей тілі: (TOPIK (level 1)
жапон тілі: (Nouryekushiken 5-ші деңгей) болса жеткілікті.
Сондай-ақ шәкіртақыға ілінгендерде бір жылға созылатын тіл курсын Аустрия, Германия, Франция, Корея және Жапония елдерінде өтуге мүмкіндігі бар.