Маңғыстаулық "Каспий" футбол командасы бүгін өз алаңында алматылық "Қайрат А" командасымен кездесті. Ойынға бабында келген қос құрама матчты тең ұпаймен аяқтады.
Ойын басталған сəтте-ақ алғашқы голды "Каспийдің" 7-нөмірдегі ойыншысы Бекзат Қабыланов салды. Дегенмен алматылықтар да мықты қарсылас екенін дəлелдеп ұпайды теңестірді. Сөйтіп бірінші таймды тең нəтижемен тəмамдады.
Екінші тайм қызу тартыспен өтті. 17-нөмірлі жерлесіміз Чубрило Бранко екінші, көп ұзамай үшінші голдың авторы атанды. "Қайрат А" командасының екінші добын қақпаға Максим Котов дəл көздеді. Нəтиже 2:3 болып "Каспий" алға шыққан. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда алматылықтар еншілеген пенальтидің арқасында есеп 3:3 болып теңесті.
Голдар: Қабылан Бекзат 2 (1:0), Шушеначев Артур 40 (1:1), Котов Максим 53 (2:1), Чубрило Бранко 72 пенальти (2:2), Чубрило Бранко 74 (3:2), Котов Максим 90+3 пенальти (3:3).
Ескерту: Кан Гавриил 63, Берсүгіров Ғалымжан 65, Чубрило Бранко 67, Тайкенов Мақсат 68, Оразов Рамазан 17, Сарсенов Самат 18, Суюнов Дарын 48, Өтешов Ұлан 68.
Бас төреші: Сариев Болат (Орал қаласы)
Көмекшілері: Ахметов Азамат (Қызылорда қаласы), Волков Артем (Атырау қаласы)
Маңғыстау облысының əкімі Ералы Лұқпанов ойыншыларға сəттілік тілеп, "Каспий" футбол клубына автобус кілтін табыс етті. Сондай-ақ "Жас қанат" алаңының жөндеу жұмыстарына үлес қосқан кəсіпкер Сұңғат Мұңалбаевты Алғыс хатпен марапаттады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="61658,61659,61660,61661,61662,61663,61664,61665,61666,61667,61668,61669,61670,61671,61672,61673,61675"]