©
Санаулы күндерден соң Маңғыстау халқы теңізге түсіп, суға сүңги алады.
- 25 мамырда Маңғыстау облысы бойынша суға түсу маусымы ашылады. 4 шағын ауданда облыстық филорманиядан «Каспиан Ривьера» қонақ үйіне дейін 300 метр, МАЭК жанындағы «Шора» су арнасы тұсында 100 метр аумақта суға түсуге тыйым салынады. Осы екі қауіпті учаскеге қатысты облыстық мәслихаттан заң жобасы шығады. Содан кейін ол заң жергілікті полиция қызметіне беріліп, айыппұл салынады, - дейді «Жедел құтқару жасағы» ММ басшысының орынбасары Бауыржан Абайұлы.
Сонымен қатар, Бауыржан Абайұлы өткен жылы 19 суға кету дерегі орын алып, бұл жылдың 5 айы бойынша ондай мәлімет тіркелмегенін жеткізді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА