©
Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысында айтылды.
«Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстік-батыс бөлігінде жалпы аумағы 8,2 га тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағы, сондай-ақ, осыған ұқсас ауданы 30 гектар жасыл қорғаныш аймағын құру жұмыстары қолға алынған. Бұған басқарма басшысы Дүйсен Кұсбеков баяндамасында тоқталып өтті. Бұл жұмыстар Басқұдық ауылының санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайын және микроклиматын тұрақтандыру мақсатында жасалып отыр.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ақтауда телефон «террорисі» сотталдыАйта кетейік, жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру үшін Ақтау қаласындағы кәріздік тазарту ғимаратынан (КОС-1) жыл сайын тазаланған 7,8-8,4 млн. м³су құйылады.
Еске салайық, «Қошқар-Ата» қалдық қоймасы жұмысына республикалық бюджеттен 4 жылға 17 518, 159 млн. теңге бөлінгені жөнінде облыс әкімі Ералы Тоғжанов Орталық Коммуникациялар қызметінде берген сұхбатында айтқан болатын.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА