Бүгін Маңғыстау аудандық орталық ауруханада әлемдегі бірнеше ардақты да құрметті мамандықтардың бірі саналатын медицина саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.
Мерекелік кеште аудан әкімі Ж.Айтуаров пен Мәслихат хатшысы А.Сарбалаев, орталық арухананың бас дәрігері Ж.Нұрлыбаева ақ халаттыларды төл мерекесімен құттықтап, аудан халқына сапалы медициналық қызмет көрсеткен медицина қызметкерлерінің еңбектерін саралап, жеткен жетістіктері үшін алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтарды табыс етті. Ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез-келген науқастарға қолдау көрсетіп, үмітіне үміт жалғап жататын барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілейміз!
Гүлжайнат ШЫҢДЫБАЕВА
Суреттерді түсірген Жадыра ТЕЛБАЕВА