Ақтауда волейболдан ардагерлер мен жастар арасында Маңғыстау облысы әкімінің Кубогы үшін республикалық ашық турнир өтті.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, турнир «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Амал» мерекесіне және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.
«Батыстың амалы – татулықтың қамалы» тақырыбымен өткен іс-шараға жастар мен ардагерлерден құралған 18 топ (200-ге жуық адам) қатысты.
- Елбасы Қазақстан Халқына Жолдауында 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 30 %-ның бұқаралық спортпен айналысуы қажеттігін айтып және осы нәтижеге жету жолында спортқа жоғары дәрежеде көңіл бөлуде. Спорттық ойындар бүгінде елдер мен халықтар арасындағы достықтың алтын арқауына айналды. Маңғыстау өңірінде жалауын көтерген волейболдан ардагерлер мен жастар арасындағы республикалық ашық турнирі жастарға рух беріп, біздерді бұдан да жақынырақ табыстыратындығына сенімдімін! - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ