©
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған Маңғыстау делегациясының БАӘ-ге іссапары шеңберінде инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту бойынша бірнеше меморандумға қол қойылды. Экономикалық форумға өңірден 60 шақты кәсіпкер мен инвестор қатысты.
«Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік Корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Абу-Даби Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөз өтті.
-Араб инвесторлары Қазақстанның ауыл шаруашылығы және өзге де өндіріс салаларында, жылжымайтын мүлік, туризм салаларында ынтымақтастық жұмыстарын дамытуды көздейді. Бизнес-форумға қатысып отырған бірнеше кәсіпкер екі ел арасындағы әріптестіктің, стратегиялық байланыстың нығайғанының белгісі. Біз энергетика, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы, туризм, банк ісі және өзге де салаларындағы БАӘ мен Қазақстан инвесторларына қолдау білдіреміз. Барлық қол қойылған меморандум бірлесіп жұмыс істеуге, ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді және ол екі тарап үшін де пайдалы, тиімді болмақ. Екі ел Президенттердің арасындағы қарым-қатынас өте жақсы. БАӘ-нің алға қойған мақсаты – мұнай-газ саласымен қатар, индустрия, шикізаттық емес саланы, ІТ технологияларды дамытуға көңіл бөлу, - дегенді айтты Абу Даби сауда палатасының өкілі Мұхаммед әл-Мухейри.
Тараптар екі елдің кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға келісіп, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, экономикалық әртараптандыру арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Маңғыстау облысына шетел инвестицияларын, жаңа технологиялар мен ресурстарды тарту жоспарланып отыр. Мұның негізінде мемлекетаралық және екі ел халқының қарым-қатынасы одан әрі нығаймақ.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ