25 желтоқсан күні кеңес әскерлерінің Ауғанстанға кіргеніне 38 жыл толды. Жарияланбаған соғыс 1979 жылы 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін 9 жылдан астам уақытқа созылған еді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты, олардың 761-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
Майданда бірге болған жауынгерлерді еске алу мақсатында ауған соғысына қатысқан ардагерлердің ұйымдастыруымен акция өтті. Акцияға тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарға қатысушылардың "Ардагерлер одағы" бірлестігінің төрағасы да қатысты.
Акция "Мәңгі алауға" гүл шоқтарын қоюдан басталды. Жиналғандар Ауған соғысында мерт болған жауынгерлерді еске алып, мешітте Құран түсірді. Сондай-ақ интернационал-жауынгерлер, ардагерлер мен тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарға қатысушылар Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының ауласына ағаш екті.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="45402,45365,45372,45369,45403"]