24-26 қараша арлығында Колумбия астанасы Боготада джиу-джитсудан “файтинг және не ваза” түрінен ересектер арасында әлем чепионаты өтті.
Әлемдік додаға 45 елден 1000-ға жуық спортшы қатысты. Қазақстанның намысын 24 спортшы қорғап, құрамадағы 4 маңғыстаулық спортшы қола жүлдеге ие болды. Олар - Дархан Нартаев (62 кг), Әбубәкір Жәнібек (62 кг), Нұрлан Есболов (77 кг), Алия Тілепова (62 кг).
Елге жеңіспен оралған спортшыларды әуежайдан облыстық спорт басқармасының өкілдері, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлері мен жастар күтіп алды.
Джиу-джитсудан облыстың аға жаттықтырушысы Болат Дүйсенбиев биыл Маңғыстау федерациясының спорттың осы түрінен республикадағы ең үздік федерация атанғанын атап өтті. Сонымен қатар Болат Закариаұлына «Үздік жаттықтырушы» атағы берілді.
- 2007 жылдан бері спортың осы түрінен жаттықтырушы болып келемін. Спортшылардың кейбірі еліміздің 2 дүркін, ал кейбірі - Қазақстанның 7 дүркін чемпиондары. Ақтау қаласында және Маңғыстау ауданында 300-ге жуық жас осы спорт түрімен шұғылданады. Алдағы уақытта басқа қалалардан да секциялар ашу жоспарлануда, - деп атап өтті бапкер, джиу-джитсудан облыстың аға жаттықтырушысы Болат Дүйсенбиев.
Ақпаратты дайындауда фейсбуктегі "Маңғыстау жастары" тобының
суреттері мен мәліметі қолданылды