©
Атырау қаласында белбеу күресінен 2000-2002 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Аталмыш жарыстан маңғыстаулық балуандар Берікбол Қалдыбаев (45 келі салмақта), Арман Байниязов (90 келі салмақта) жəне Азиза Жұбаева (57 келі салмақта) қола медальдарды иеленіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады.
Тағы оқыңыздар: 80 оқушы «Өркен» білім грантына ие болдыСондай-ақ Қызылорда облысында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында аймақ қоржыны 1 алтын, 2 қола жүлдемен толықты. Абсолюттік аса ауыр салмақта жерлесіміз Нұрдəулет Жарылғапов (лақап аты-«Қара Бура») алтыннан алқа тағып, мерейімізді өсірді. Одан бөлек қос қола медальдің иесі-Руслан Мусаев (72 келі салмақта) пен Дəурен Жарылғапов (100 келі салмақта) атанды. Ал, Нұрсұлтан Бисенқұлов болса, ел біріншілігінің «Үздік əдісі» үшін арнайы марапатына ие болды.
Венера МИРЛАН