Маңғыстау облысы бойынша үздік еңбек әулеттері мен үздік өндіріс жұмыскерлерін айқындайтын «Еңбек жолы» байқауына онлайн дауыс беру басталды.
Байқау үш аталым бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».
Онлайн дауыс беру әр аталым бойынша 3 үздік жұмысшыны анықтауға мүмкіндік береді (барлығы 9 үміткер). 2-кезеңде аймақтық комиссия мүшелері іріктелген 3 үздіктен аймақтық жеңімпазды анықтайды.
Барлық аймақтағы үздік деп танылған қатысушылар аталған байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алып, дәл осы кезеңде байқау жеңімпаздары анықталады.
Еске сала кетсек, республикалық «Еңбек жолы» байқауы 2016 жылы бекітілген. Іс-шараның мақсаты - жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу, жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдай жасау болып табылады.
Тағы оқыңыздар: Түпқараған халқы 70 үйге құрбандық етін үлестірдіРеспубликалық кезеңнің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың қазан айында Астана қаласында «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» атты республикалық форумында өткізу жоспарланып отыр.
Маңғыстау облысының еңбек басқармасы аталған шараға барлық азаматтарды белсенді түрде қатысуға шақырады.
Сіз келесі сілтеме бойынша Маңғыстау облысындағы үздік еңбек адамына дауыс бере аласыз: http://mangystau.gov.kz/kz/rating/