©
Ақтауда Қазақстан боксының күні аталып өтті. Таң атысымен қаладағы түрлі спорт секцияларында жаттығатын жас спортшылар теңіз жағасында жүгіруден жарысты. - Қазақстан боксына 80 жыл толып отыр. Жекпе-жек жүргізу техникасы мен әдіс-тәсілі қазақ боксын басқалардан ерекшелеп тұрады. Ақтауда 2020 жылғы Токио олимпиадасына қатысуға лайық мықты боксшылар бар, - дейді боксшы Берік Әбдірахманов. Кешкісін "Ақтау" сауда үйінде атары әлемге танымал ақтаулық боксшылар жас жеткіншектер үшін арнайы шеберлік сабағын өткізді. Олимпиада ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Ш. Бөлтекұлы атындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы Берік Әбдірахманов, бокстан Азияның күміс жүлдерегі Ерік Әлжанов және бокстан 2005 жылғы Әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов балаларға қалай бокстасу, қалай қорғану керектігін үйретті. https://www.youtube.com/watch?v=kdpFac_G_QU Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жасөспірімдердің спортқа, соның ішінде боксқа деген қызығушылығын оятады. Атап өтерлігі, қазіргі уақытта 12 ақтаулық боксшы 5 қарашада өтетін Қазақстанның біріншілігіне дайындалып жатыр.Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="40377,40376,40380,40378,40410,40374,40372,40379,40373"]