©
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Ағымдағы жылдың 26 қазанында қол қойылған жарлық сол күннен бастап күшіне енгізілген. Елбасы латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшуді тапсырды.
Осыған байланысты, жергілікті атқарушы билік ғимараттарының маңдайшасындағы жазулар да жаңа әліпбиге ауыстырыла бастады.
Man'g'stay' oblysynyn' a'kimdigi Aqtay’ qalasynyn' a’kimdigi Маңғыстау облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Ақтау, Жаңаөзен қаласы, облыс пен 5 аудан әкімдігі және Ақтау қалалық мәслихатының маңдайшалары кириллицадан латын жазуына ауыстырылды.Суреттерді түсірген С. МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="40465,40464,40453,40454"]