ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан бензин бағасын төмендетуге қатысты уәде естімеген соң монополияға қарсы қызметтегілерге бензин бағасымен айналысуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет отырысы барысында министр Бозымбаев қарашада АИ-92 бензин 30 пайызға, ал желтоқсанда 20 пайызға дейін арзандату туралы жоспарын айтты.
"Қарашада және желтоқсаннан кейін жағдайымыз тұрақталады деп ойлаймыз. Себебі жанармай құю бекеттерінде бензин қаңтар айынан бері 13 пайызға қымбатттады. Шекарадағы көтерме баға да 6 пайызға қымбаттады", - деді Бозымбаев баяндамасында.
Ал премьер-министрдің "Қазақстандықтар үшін бензин арзандай ма?" деген сұрағына Бозымбаев "баға тұрақталып жатыр" деп жауап берді.
Тағы оқыңыздар: Ақтауда көпфункционалды спорт алаңы ашылды (ФОТО, ВИДЕО)Сондай-ақ, Бозымбаев бағаның Ресейге байланысты екенін айтып өтті. "Бақытжан Әбдірұлы, Ресейде қазіргідей тонна үшін 560 доллар болып қала берсе, ішкі нарығымызда бағаны төмендетуге мүмкіндік бар", - деп түсіндірді Бозымбаев.
Бұған дейін Қазақстанның жанармай құю бекеттерінде бензин бағасының қымбаттағанын хабарлаған болатынбыз.