©
Бүгінгі аппарат мәжілісінде спорттық инфрақұрылымды дамыту және халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту бойынша жұмыстар жайында облыстық спорт басқармасының өкілі Нұрбек Қарабалаев баяндады.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов демалыс күндерінде өткен «Денсаулық фестиваліне» мемлекеттік басқарма басшыларының қатыспағанын, халықты спортқа шақырса да, өздері әрдайым шет қалатынын сынға алды. Жиынға қатысушыларға қатаң ескерту жасап, алдағы уақытта Президенттік тестке өзінен бастап барлық басқарма басшылары, жетекшілер қатысатынын мәлімдеді. «Халықты жаппай спортқа тарту керек. Ал оны жүзеге асыру үшін өзімізден бастаған абзал!», - деді сеніммен әкім.
Тағы оқыңыздар: Ұлы Абайдың ұрпағы Ақтауда тұрадыМәжілісте аудандардағы спорт инфрақұрылымы, спорт алаңдары, бокс орталығы, футбол алаңы сынды мәселелер қарастырылды. Ералы Лұқпанұлы спорт басқармасына аймақтағы салынып жатқан барлық спорт нысандарын қадағалап отыруды тапсырды.
Ханым ҚУАТ
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="35225,35220,35222,35229"]