Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың қыркүйек айының 10-жұлдызы күні сағат 16:40 шамасында 1981 ж.т. жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Camry» маркалы автокөлігі Бейнеу селосы тас жолында келе жатып, рульдік басқару жүйесін иегере алмай, абайсызда тас жолдың оң жақ бетіне шығып кетіп, аударылған еді.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде «Toyota Camry» маркалы автокөлігінің 1981 ж.т жүргізушісі тіл тартпастан кетті. Сонымен қатар, осы автокөліктің алты жолаушысы - 1969 ж.т., 1958 ж.т., 1997 ж.т., 1976 ж.т. төрт ересек адам және 2006 ж.т., 2004 ж.т. туылған екі бүлдіршін жол көлік оқиғасынан алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.
Тағы оқыңыздар: «Қошқар ата» қорымы қоқысқа толдыБұл дерек 10.09.2017 жылы ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жол көлік оқиғасының жағдайларын зерттеу үшін сот-автотехникалық сараптамасы тағайындалды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары одан әрі жүргізілуде.
Сурет youtube сайтындағы бейнежазбадан алынды