Ақтауда діни тақырыптардың дұрыс жариялануы тұрғысында БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті. «Ақпараттық қауіпсіздік: діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы БАҚ рөлі. Әлеуметтік желілердің әлеуеті» деп айдар таққан семинар осы төңіректегі олқылықтардың алдын алуға бағытталды. Жиында «Kazislam.kz» порталының бас редакторы, исламтанушы Жалғас Сәдуақасұлы Сандыбаев БАҚ өкілдеріне дін тақырыбының жарияланауы туралы тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында қазіргі таңда діни терминдердің бұрмалануы, діни экстремизм және терроризмге қатысты материалдарды жарялау кезінде БАҚ өкілдерінің жіберетін кемшіліктеріне мысал келтірілді. Сондай-ақ, экстремизм мен лаңкестік көріністерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыныстар айтылып, ақпаратты дұрыс тарату жолдары түсіндірілді.
Діни тақырыптарды жариялауда отандық БАҚ келесідей қағидаларды басшылыққа алуы тиіс деп көрсетті дәріс беруші:
*Діни тақырыпты жариялауда әлемдік тарихи тәжірибені ескере отырып, тарихи-мәдени және ағартушылық тұрғыдан ақпарат жеткізу;
*Уағыздық, даулы мақалаларды жариялаудан бас тарту;
*Басқалардың діни сенімін қорлайтын суреттер жариялау және т.б.
Сонымен қатар, Жалғас Сәдуақасұлы «баспасөздің ісі – оқырманға объективті мәлімет жеткізу» қағидаты сақталуы тиіс дегенді алға тартты. Көптеген терминдер арнайы аудиторияға түсінікті болғанымен, көпшілікке түсініксіз болуы мүмкін. Сол себепті оқырмандар, көрермендер үшін діни мәселенің мәнін (джахил, ахида, таухид т.б.) ұғындыруымыз керек деді ол өз сөзінде.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="35476,35477,35478,35479,35480,35481,35482,35483,35484,35485"]