Ақтауда «SUP Surfing» бойынша облыстық турнир өтті. «Expo&Women» халықаралық қоғамдық қорының Маңғыстау филиалының ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысы əкімдігінің қолдауымен өткен шараға 26 адам қатысты. Олардың 10-ы – қыз-келіншектер болса, 16-сы – ер адамдар. https://www.youtube.com/watch?v=RA5Px8ejovc Өлкемізде алғаш рет өткізіліп тұрған турнирдің ашылу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М. Сқақов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған. Сайыс талаптары бойынша, қатысушылар су тақтайшасымен 500 метрді ескекпен жүзіп өтуі тиіс болды. Аса тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша, ер адамдар арасында бірінші орынды Ерлан Қыдыров жеңіп алды. Ал, қыздар арасында Медина Сақтағанова алдына жан салмай, бірінші орынды иеленді. – Келесі жылы бұл біз бұл турнирді халықаралық деңгейде өткізуді жоспалап отырмыз, – дейді филиал директоры Диляра Турина. Анықтама үшін. «SUP» сөзі ағылшынның Stand Up Paddle, яғни тұрып ескек есу дегенді білдіреді.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Фотолар мен видеоны түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="34214,34217,34218,34213,34212,34216,34215"]