©
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі волейболдан әйелдер арасында ашық турнир ұйымдастырды. Бұл жарысқа «Маңғыстау-Медиа» ЖШС, облыстық «Қазақстан- Ақтау» телеарнасы, «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалы және Ақтау қалалық әкімдігінің командалары қатысты. Ептілікті, жылдамдық пен ширақ қозғалуды қажет ететін бұл спорт түрі өте қызықты әрі тартысты өтті. Еңбек ұжымдарының намысын қорғаған нәзік жандылар сайыс барысында шеберлігі мен шапшаңдығын байқатты. Жарыс қорытындысында Ақтау қалалық әкімдігі 1-орынды иеленсе, 2-орынды «Маңғыстау- Медианың» маржандары жеңіп алды. «Қазақтелеком» АҚ-ның командасы 3-орынды қанжығалады. Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің волейболдан аға жаттықтырушы Дабыл Наурызов жеңімпаздарды құттықтап, кубок пен медаль және диплом табыстады.Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="29392,29393,29391,29398,29394,29399,29396,29397"]