Еңбек дауларын шешудің тиімді әдістері талқыланды
[ 2017 ] 3 шілде, 13:36 | Жаңалықтар
Облыстық кәсіподақтар Орталығының ұйымдастыруымен 28-29 маусым күндері Ақтауда«Келіссөздерді сәтті жүргізу және дауларды шешудің стратегиясы мен дағдылары» тақырыбында интерактивті семинар болып өтті. Бүгінгі таңда Оңтүстік Корея елімен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып жатқан Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы аталмыш жобаның жүзеге асуына мұрындық болды.
СеминардыОңтүстік Кореядан арнайы шақыртылған Гарвард университетінің түлегі, профессор Joshua Park жүргізді. Конфликтология саласында келіссөздерді үздік жүргізу жөнінен мықты сарапшы болып табылатын ол SolBridge (Оңтүстік Корея) университетінде профессор. Өзі қызмет ететін оқу орнында енгізілген профессордың келіссөздерді жүргізу бағдарламасы Азия елдерінде алдыңғы қатардан орын алған.
Аталмыш семинарға өңірдегі кәсіподақ ұйымдарының жетекшілерімен қатар «МаңғыстауМұнайГаз»АҚ, «Қаражамбас» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Бұрғылау» ЖШС, «БузачиОперейтинг» АҚ, «ОйлТранспортКорпорейшн», ОСК, ОКК және т.б. ірі кәсіпорындарының жұмыс берушілерінің өкілдері, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау саласының кәсіподақ ұйымының жетекшілері және облыстық еңбек басқармасы, облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері де келіп, жалпы саны 40 адам қатысты.
-Бүгінгі семинардың мақсаты – келіссөздерді тиімді жүргізу арқылы еңбек дауларын болдырмау әдістерін талқылау. Мұндай семинардың Ақтауда өтуі-біз үшін үлкен абырой, мақтаныш және жауапкершлік болды.
Өздеріңізге белгілі –Қазақстан мен Азияелдері бір-біріне менталдық жағынан кішкене жақынырақ. Сол себептен, бізге жақын болғандықтан осы Азия мемлекетінің тәжірибесін, озық үлгілерін өзімізде енгізу қажет деп отырмыз .
Жалпы, SolBridge (Оңтүстік Корея) университеті Азиядағы бірінші орындағы университет. Сондықтанжоғары дәрежелі маманды алып келіп бізбен таныстырып, оныңәдістемесін енгізу- біз үшін үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндікті пайдаланып, жұмыс беруші мен кәсіподақтың арасындағы «алтын көпір» ретінде осы өзекті мәселенің шешу жолдарын іздестіруді көздеп отырмыз.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлының тапсырмасы бойынша осы жобаны жүзеге асыруды бастадық. Екі күнде тақырыпқа сай қызу талқылаулар болды. Қатысушылар тарапынан көптеген сауалдар қойылып, оларға жауап ретінде профессор Joshua Park өзінің методикасын ұсынды,-деп мәлімдеді Облыстық кәсіподақтар Орталығының басшысы Қайрат Құттыбайұлы Жанабеков.
Семинар барысында профессорJoshua Park түрліше тапсырмалар беру арқылы қатысушыларды ойланып, қажетті шешімге келу, сабырлылық сақтай отырып, кез-келген келіссөзді екі жаққа да тиімді түрде жүргізудің әдіс-тәсілдеріне үйретті.
Өзіне осы әдістерге қатысты қойылған сауалға профессор былай деп жауап берді:
-Еңбек даулары туындап, проблема пайда болған кезде ең негізгі 4 бағытты анықтап алукерек. Ең алдымен адамдар және олардың проблемасына көңіл аудару қажет. Яғни, проблема неліктен туындағанын анықтап алу керек. Бұл жерде компанияда пайда болған проблемаға басшы кінәлі,себебі ол жаман адам деген ойдан аулақ болған дұрыс.
Адамдармен тез тіл табысып, проблеманы шешу жолдарын қарастыру керек. Екінші әдіс ретінде айтарым – әр тараптың мүдделерін ескеру қажет, тараптардың позициясын емес.Яғни, «Мен мынаны қалаймын» дегеннен гөрі, «Неліктен мен мынаны қалаймын?» деген сауалға жауап іздеу керек. Яғни проблеманың пайда болу себебін анықтау қажет. Үшіншіден, қандай даболмасын біркреативті шешім қабылдауға тырысу қажет. Яғни қабылданған шешімнің екі тарапты да қанағаттандыруын ойластыру керек.
Проблеманы шешуге шығармашылық тұрғысынан келген жөн. Мысалы, жалақыны азайтып тастаудың орнына кез-келген ішкі мүмкіндікті пайдаланып,проблеманы басқа қырынан көруге тырысып, әлеуметтік қолдаудың басым болғаны ләзім.
Ал, соңғы, төртінші әдіс-тәсілбұл – стандартты критерийлерді табу, Яғни, «мен бұл жалақыны қалаймын, себебі ол – бекітілген стандарттарға, нормаларға сай.
Қысқаша айтқанда,еңбек дауларын шешудіңосындайқарапайым 4 консепциясы бар,- деді профессор Joshua Park.
«Семинарға қатысушылардың белсенділігін қалай бағалар едіңіз?» деген сауалға жауап берген профессор, аудиторияның белсенділігіне көңілі толғанын атап өтті, түрлі сауалдар қойып, семинарда талқыланған тақырып төңірегінде көбірек мәлімет алуға тырысқан қатысушылардың ынтасын жоғары бағалады.
Қазақ еліне тұңғыш рет табан тіреген мейманның Қазақстан және Маңғыстау елі туралы пікірін де білуге тырыстық. Жұмысбастылықтан бос уақытының көп бола қоймайтынын мойындаған профессор, елмен, жермен танысу мүмкіндігі болмаса да қазақтың қонақжайлылығы мен жылы қабағын сезініп үлгергенін айтып, риза болғанын жасырмады.
Нұрғаным ИМАШЕВА
853
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.