«ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі болып саналады. Мұндай ауқымды шараның барысында Маңғыстау облысының білім басқармасы мен облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының ұйымдастыруымен көптеген шаралар өткізілді. Атап айтқанда,2017 жылдың 29 маусым күні 6 шілде Астана күніне орай және «ЕХРО-2017»Халықаралық көрмесіне арналған облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты - «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесі ауқымды жобасын іске асыруда мектепке дейінгі жастағы балалар бойына патриоттық, отансүйгіштік, елінің жетістіктерін мақтан тұту қасиеттерін сіңіру, балалар шығармашылығын дамыту және дәріптеу, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Аталған шарада қатысушыларды «Қолөнер шебері» мен «Көркем сөз шебері» номинациялары бойынша бағалады. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері тақырыпқа сәйкес жұмыстарын, өнерлері мен шеберліктері көрсетті. Байқауға 2 номинация бойынша №1 облыстық арнайы балабақшасы, Облыстық санаторлық мектеп-интернаты және аудандық, қалалық мектепке дейінгі ұйымдардан барлығы 34 тәрбиеленуші жұмыстары қаралып, қазылар алқасы шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздар орталықтың арнайы дипломдарыжәне сыйлықтарымен марапатталды. Өнерлі бүлдіршіндерімізді құттықтап, алдағы уақытта алатын асулары көп болсын деп тілейміз!
Асыл ЖҰМАҚАНОВА,
Маңғыстау облыстық мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту
орталығының бөлім жетекшісі