9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні әлемге бейбітшілік сыйлаған жауынгерлерге құрмет көрсетіп, тағзым етеміз. Жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан тылдағы еңбекшілерді де ұмытпаймыз. Әскерге кеткен әкелері мен ағаларының орнын басып, тынымсыз еңбек еткен олардың ерлігі теңдессіз.
Сұрапыл соғыс жылдары тыл еңбеккерлері күн сайын жаңа кедергілерге кезігетін. Қан майдандағы жауынгерлерге жауды жеңуге тамшыдай болса да үлесін қосуды көздеген олар мойымай, басына түскен қиындықты қайыспай көтере білді.
Ұлы Отан соғысының 71-жылдық мерекесіне орай Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тыл ардагерлері Александр Клименко мен Табынбай Тұрақбаевты мейраммен құттықтау үшін үйлеріне арнайы барды. Олар қарияларға азық-түлік әкеліп, үй шаруашылығында көмек көрсетті. Ардақты ардагерлер өз кезегінде соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, қызметкерлерге ризашылықтарын білдірді.
Х.ОРЫНБАЙҚЫЗЫ