Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 71 жыл толып отыр. Түпқараған ауданында да бұл халықтық мереке болып аталып өтілді.
Мереке орталық саябақтағы Мәңгілік алау жанындағы Соғыста құрбан болғандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен басталды. Осы жерге соғыс және тыл ардагерлері, жергілікті билік пен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, жауынгерлер мен жастар, тұрғындар көптеп жиналды. Араларында соғыс ардагері, Сталинград шайқастарына қатысқан атақты жауынгер Ыбырайком Мәмбетов те бар. Аудан басшысы Т.Асауовтың, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктер мен жұртшылық атынан гүл шоқтары қойылды. Одан соң Жеңіс күніне арналған митинг басталды. Аудан әкімі Темірбек Асауов Ұлы жеңістің халқымыздың тағдырындағы алған орны мен маңызы туралы айта келіп, баршаны қазіргі тыныштық пен бейбітшіліктің сақталуына барынша үлес қосуға шақырды. Сондай-ақ ардагерлер мен басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері сөз алды.
Митингіде соғыста және одан кейін бақилық болған жауынгерлер рухына Құран сүрелері бағышталып, олар бір минуттық үнсіздікпен еске алынды.
Осы жерде әскери дала асханасы жасақталып, келгендер солдат котелогынан дәм татты. Ал орталық алаңда жергілікті өнерпаздар Жеңіс күніне арнап әдем концерт берді.
Анар РАХИМБЕКОВА