©
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры мамыр айының 25-29 аралығында Қырғызстан Республикасы Бишкек қаласында өткен II Халықаралық «Так-Теке» қуыршақ театрлары фестиваліне барып қайтты. Фестивальге Ресей Федерациясынан Москва облыстық мемлекеттік қуыршақ театры. Өзбекстан Республикасынан Ташкент қаласының мемлекеттік қуыршақ театры. Қазақстан Республикасынан Алматы мемлекеттік қуыршақ театры және де Маңғыстау облыстық қуыршақ театры сонымен бірге. Қырғыстан Республикасының М.Жангазиев атындағы мемлекеттік қуыршақ театры және ОШ қаласының Н.Шамурзаев атындағы облыстық қуыршақ театрлары қатысты. Фестивальге әділ қазылық еткен Москва қаласының мемлекетіне қуыршақ театры директоры, театр сыншысы, Борис Михайлович Брыкин. Қырғызстан мемлекетінің еңбегі сіңген әртісі В.В.Анникова және де Қырғызстан мемлекеттік театр қайраткерлері одағы мүшесі Н.Адылов. Фестивальдің шеңберінде көптеген мастер класстар мен пікірталастар өткізілді. Актерлар шеберлік сабақтарынан өтті. Маңғыстау театрының апарған Н.Насырованың «Айжан әженің ертегісі» спектакліне қызығушылық танытты. Әділ қазылардың жоғарғы бағасына болып Фестивальдің қорытындысы бойынша. «Көшпенді халықтарының қолөнер дәстүрін аса шеберлікпен іске асырғандары үшін» II Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің лауреаты атанды. Сонымен бірге, театр ұжымы Қырғызстан Республикасы мәдениет министірінің «Алғыс хатымен» марапатталды.Гүлмира ӘБІШЕВА