Ақтауда 20 сәуірден бастап Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету Пункті ашылды. Көмек қолын созам деушілерге жылы киім-кешек, гигиена құралдары, ыдыс-аяқ, көрпе-төсек, аяқ киім, т.б. қажетті заттарды әкелу сұралады. Қабылдау уақыты: күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мекен-жайы: 1) 14 ш/а, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйінің ғимараты. Байланыс телефондары: 43-10-73, 43-10-74, 43-10-54. 2) 14 ш/а, 1 а, «Нұр Отан» ғимараты, 3 қабат. Байланыс телефоны: 42-75-07 «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қорының шоты Киви әмиян: +77058202666, БСН 170240000585 ИИК KZ 819260101193016000 «Қазкоммерцбанк» АҚ БИК KZKOKZKX